Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Наурыз, 2020

Жалған сөйлеп жазықты болды

Көкшетау қаласының тұрғынына қылмыстық іс қозғалды.WhatsApp мессенджеріне мониторинг жасау кезінде кезекті жалған ақпарат пен оны таратушы анықталды. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде құқық бұзушының 56 жастағы Көкшетаулық азаматша екені белгілі болды. Ол өзінің танысының үйіне қонаққа барған. Және сол жерде отырып: “Оңтүстік Корея елінен ұшып келген отандастарымыз Ақмола облысының емханаларына жатқызылды”- деген жалған ақпаратты естиді. Ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, мәселенің байыбына бармастан, орта жастағы әйел аудиожазба арқылы аталмыш жалған ақпаратты құрбысына жіберген. Ал ол өз кезегінде аудиожазбамен 200 -ге жуық адамы бар WhatsApp тобында бөліскен. Осылайша бір адамның кесірінен жалған ақпарат қаншама адамға әп-сәтте жетіп қана қоймай, әрі қарай да таралып кеткен.   Қазіргі уақытта шындыққа сай келмейтін ақпаратты айтқан, оны аудиоға жазып алған және бөліскен барлық оқиғаға бастамашы болған үш адамға да ҚР ҚК 274 бабына сәйкес, “Жалған ақпаратты таратты” деген айыппен іс-қозғалды. Олардың үшеуі де өз кінәларын мойындады. Полиция қызметкерлері азаматтарды үйде отырып коронавирустан сақтанып қана қоймай, жалған ақпараттардан да сақтануға шақырады. Себебі төтенше жағдай кезінде түрлі мессенджерлер арқылы елді дүрліктіретін жалған ақпарат таратушылар ескертусіз, бірден жазаланатындығын естен шығармаған жөн. Бексұлтан Нұрланұлы

641 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз