Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Наурыз, 2020

Сенаторлар індет кезінде алғы шепте жүрген азаматтарға алғыс айтты

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді. Депутаттар мен Жоғарғы Палата аппаратының қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшірілді, дегенмен заң шығару қызметі жалғасуда. Сенатор Серік Бектұрғанов бүгінгі төтенше жағдай кезіндегі жұмыстардың ерекшеліктері туралы айтып берді. –Негізгі жұмыс онлайн түрінде жүріп жатыр. Бағымызға орай, заң шығару үдерістерінің бәрін цифрландырудың арқасында жұмыс істеу мүмкін болды. Сенаттың сайтына заң жобаларының бәрі қойылған әрі сол заң жобаларын әзірлеушілермен байланысу мүмкіндігі бар. Өзіміздің саламызға қатысты заң жобаларымен жұмыс істейміз, комитет ішінде қарап, өзгерістер болса енгізіп, сұрақтар қойып, ескертпелер мен ұсыныстар ескеріледі, - деді депутат. С.Бектұрғанов сондай-ақ төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдар жасаған ұсыныстар мен бекітілген ережелерге азаматтардыңбағынуын және оны сақтауға шақырды. –Ең алдымен саналылық танытып, үрейге бой алдырмау керек. Сол сияқты бұл жағдайға жайбарақат қарамаған жөн, - деді ол. Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлері төтенше жағдай кезінде алғы шепте қарбалас еңбек етіп жүрген дәрігерлерге, ІІМ мен Төтенше жағдай комитетінің қызметкерлеріне және БАҚ өкілдеріне зор алғысын білдіреді. –Ең бастысы, бұл сала мамандары жанқиярлығын паш етуде, сол үшін де алғысымыз шексіз. Олардың қиындыққа қарамастан тынымсыз жұмыс істегені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Олардың нағыз кәсіби маман әрі адамдар мен мемлекетке көмек көрсетуолардың басты мақсатыекеніне көз жеткіздік. Оларға материалдық қолдау көрсету қажет. Олар тек24 сағат бойы ғана жұмыс істеп жатқан жоқ, үйлерінде болмайды әрі өз өмірлерін қатерге тігуде, - деді С.Бектұрғанов.

712 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз