Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Сәуір, 2020

Карантин көлік бағасына қалай әсер етуде?

Елде төтенше жағдай жарияланып, артынан карантин енгізілмей тұрып-ақ, теңгенің әлсіреуі салдарынан көлік бағасы шарықтап кеткен еді. Бірақ ол кезде тек Kia ғана сатылымда жоқ машиналарының бағасын өзгерткен болатын. Енді басқа өндірушілер де өнімдерінің құнын өзгертуге мәжбүр. Олардың қатарында әзірге тек Lada, Ravon, Škoda және Toyota бар.    Lada-ның Vesta, XRAY сынды үлгілері 50 мың теңгеге арзандаса, Largus керісінше, 170 мыңға қымбаттады. ⠀ Škoda компаниясы Octavia, Superb үлгілерінен тұратын бүкіл модельдік қатары мен Kodiaq кроссоверінің құнын арттырды. Ең қарапайым «Октавия» қазір бұрынғыдай 7.2 млн емес, 8.4 млн теңгеге бағаланып отыр, ал Kodiaq бірден 2.1 млн теңгеге қымбаттады. Active нұсқасындағы кроссовер үшін сатушылар 12.3 млн орнына, 15 млн сұрауда. ⠀ 2019 жылғы Ravon R3 Nexia 420 мың теңгеге қымбаттаса, 2020 жылғы үлгілердің құны 603 мыңға артты. Ал R4-тің бағасы шамамен 430 мың теңгеге өсті. ⠀ Toyota барлық өнімдерінің бағасын 5-6 пайызға құбылтты. Бұл тізімге кірмеген тек Highlander ғана. Марканың біздің елде үлкен сұранысқа ие үлгісі Toyota Camry бұрын 10.8 млн тұратын, енді 11.4 млн теңгеден саудалануда. Ал 2.5 литрлік моторы бар нұсқасының бағасы 12.4 млн теңгеден (бұрын 11.8 млн теңге болатын) басталады. Toyota Hilux 16-дан 16.9 млн теңгеге қымбаттады.

799 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз