Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2020

ШҚО әкімі Қ.Р Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті

“Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім.Өңірдегі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавируспен күрес және таралуының алдын-алу бағытында атқарып жатқан жұмыстар барысы туралы баяндадым. ⠀ Айта кетейін, Президент тапсырмасымен халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау аясында бүгінде 182 мыңнан астам облыс тұрғыны 42 500 теңгеден жәрдемақы алды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды, жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу басталып кетті. Аталған бағдарлама аясында 20 мың жұмыс орнын құруды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жоспарға сай жүріп жатқанын жеткіздім.” – деді Даниял Ахмедов.

1017 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз