Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Сәуір, 2020

Алматыда оқшаулану индексі төмендеді

Қазақстандағы бірқатар қалаларда қатаң карантин режимі енгізілген соң көшеде көлік кептелісі бәсеңдеп қалған еді. Тұрғындардың оқшаулану деңгейін бағалау үшін “Яндекс” сарапшылары “Оқшаулану индексі” деп аталатын сервис құрды. Өлшеу шкаласына сәйкес, 5 жолдардың толық бостығын, ал 0 көлік кептелісі болып жатқандығын білдіреді. ⠀ Карантин жарияланбас бұрын әдеттегі жұмыс күндері мегаполис көшелеріндегі жағдай 0.5 баллды көрсететін, ал 1 сәуірде индекс 4.4 баллды көрсетті. Бір ай ішінде қала билігі режимді сәл жұмсартқандықтан, 20 сәуір күнгі көрсеткіш 3.6 баллға жетті. ⠀ Алматыдан бөлек, оқшаулану индексі Нұр-Сұлтан, Шымкент сынды өзге қалаларда да есептеледі. Бұл мегаполистердегі көрсеткіш 3 және 3.1 баллға тең. Карантин режимін ең жақсы сақтап отырған қала – Теміртау. Онда сервис 3.7 баллды көрсетті. ⠀ “Яндекс” түрлі қалалардағы оқшаулану жағдайын бақылап отырған жалғыз компания еместігін айта кеткен жөн. Tele2/Altel де өз рейтингін жасады. Олар берген дерекке сүйенсек, көш басында Алматы тұр. Оңтүстік астана алты аптаның бес аптасында өз орнын сақтады. Ол бір рет қана елордаға жол берген. Ал үздік үштікті Шымкент түйіндейді.

1030 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз