Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Сәуір, 2020

Орфографиялық жұмыс тобы құрамындағы ғалымдар онлайн дәрісті жалғастырады

Көпшіліктің сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылдың 28-30 сәуір аралығында «ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» тақырыбындағы онлайн дәрісті жалғастырады. Дәрісті ҚР Үкіметі жанындағы «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру» жөніндегі Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдарыоқиды. Онлайн дәрістің мақсаты –сөздерді  бірге, бөлек және дефиспен жазу мәселелері жайында қоғамға кең көлемде ақпарат беру, оңтайлы әліпби жасаудың алғышарттарыжәне и мен у-ды жетілдірілген әліпбиде бір таңбамен берудің себебін, оның фонетикалық негіздерін түсіндіру. Онлайн дәрісті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдарыНұргелді Уәли, Құралай Күдеринова және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысыАнар Фазылжановаоқиды. Онлайн дәріске еліміздің барлық өңіріндегі Тіл басқармалары мен оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, оқытушылары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының филологтары, магистранттары мен докторанттары қатысады.Дәрісфейсбук желісіндегі ONLINE-da bolпарақшасындада көрсетіледі.    

669 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз