Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Сәуір, 2020

Биыл халықаралық Tour of Almaty велокөпкүндігі өткізілмейді

[caption id="attachment_99228" align="alignnone" width="1563"] Фото: kaskelenec.kz[/caption] Биыл халықаралық Tour of Almaty велокөпкүндігі өткізілмейді. Бұл жөнінде Astana Pro Team командасының бас менеджері Александр Винокуров Olympic.kz сайтына мәлім етті. Оның айтуынша, қазір елімізде коронавирус инфекциясына байланысты визалық режим тоқтап тұр. Ол шетелдік спортшылардың Қазақстанға келуіне шектеу жасайды. Сондықтан жарыс биыл кәсіпқойлар арасында өткізілмейді. Есесіне жарыс жолына әуесқойлар шығатын болады. Естеріңізге сала кетелік, Tour of Almaty велокөпкүндігі 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Алғашқы жарыста қазақстандық Максим Иглинский мәре сызығын бірінші болып қиды. Одан кейінгі 2014-2017 жылдарда қазақстандық тағы бір велошабандоз Алексей Луценко қатарынан төрт мәрте алтын алды. Ал 2018 жылы итальян спортшысы Давиде Виллелла жеңімпаз атанса, 2019 жылы қазақстандық Юрий Нагаровтың мерейі үстем болды. Бұл жарыс биылғы жылдың тамыз айына жоспарланған болатын.

779 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз