Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Сәуір, 2020

КӨЛІК САЛЫҒЫ АРТҚАН ЖОҚ!⠀

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылы көлік иелерінің бюджетке қанша ақша құятынын түсіндірді. ⠀ Мекеменің баспасөз қызметі ҚР Салық кодексінің 492-бабы, 3-тармағына сай, салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген есептік көрсеткіш қолданылатынын мәлімдеді. Осылайша, 2020 жылы көлік салығын төлегенде АЕК мөлшері 2 651 теңгені құрайды. ⠀ Тек көлік салығының ғана бұрынғы АЕК мөлшеріне сай есептелетінін айта кеткен жөн. Айлық есептік көрсеткішпен байланысты айыппұлдар мен басқа төлемдер 1 сәуірден бастап күшіне енген жаңа мөлшерлеме (2 778 теңге) көлеміне сай есептеледі. ⠀ Естеріңізге сала кетейік, көлік иелері карантинге қарамастан салық төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта төлем жасаудың соңғы күнін 1 сәуірдің орнына 31 желтоқсанға ауыстыру жоспарланған заң жобасы қаралып жатыр.

1135 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз