Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Сәуір, 2020

Шарыннан өте сирек кездесетін альбинос қарақұйрық табылды

Шарын ұлттық паркінде табиғатта сирек кездесетін альбинос қарақұйрық видеоға түсірілді. «Біздің Шарын ұлттық паркіндегі инспекторлары телефонның камерасына альбинос қарақұйрықты түсіріп алды. Түсі аппақ түз тағысы – біз үшін үлкен сый. Себебі қарақұйрықтың ақ түсті түрі табиғатта жиі кездесе бермейді. Альбиностарға тіршілік ету қиын болса да бұл қарақұйрық аман қалар деп үміттенеміз», - деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында. Қарақұйрық Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Үшінші санаттағы түз тағысы. Яғни аңның сирек кездесетін түріне жатады. Бөкен тұқымдас тармағы мен қарақұйрық тұқымының еліміздегі жалғыз түрі. «Жануарлар әлемінде тері мен жүні, көзі табиғи сипаттан тыс түске ие аңдарды альбиностар деп атайды. Алайда табиғи ортада оларға тіршілік ету өте қиынға түсетінін көп адам біле бермейді. Сирек кездесетін түске ие аңдар көп жағдайда үйірінен шеттеліп қалады да, оларға көбею үшін жұп, тіршілік үшін азық табу қиынға айналады. Мұндай ғажайып – тумысынан меланиннің, яғни тері, жүні мен көзінің түсіне жауапты пигменттің жоқтығынан тұқым деңгейіндегі мутацияға байланысты болады», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.  

1090 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз