Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Мамыр, 2020

Жеңістің 75 жылдығына орай мемлекет тарапынан 7.6 миллиард теңге бөлінді

Жеңістің 75 жылдығына орай мемлекет тарапынан майдангерлерге бір реттік көмек беру қарастырылып жатыр. Тізімге 1 025 Ұлы отан соғысына қатысушы мен Жеңіске үлес қосқан үшін деген өзге санаттағы 110 мыңға жуық азамат кіріп отыр. Бюджеттен жалпы сомасы 7,6 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. ⠀ Қаржылай қолдаудың тағайындалған көлемі: ⠀ соғыс ардагерлеріне - 500 мың теңге, концлагерь тұтқыны болғандарға - 50 мың теңге, майданда қаза тапқан жауынгерлердің әйелдері мен тыл еңбеккерлеріне - 30 мың теңге. ⠀ Төлемдер бірқатар аймақтарда, мәселен, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында беріліп қойыпты. Сондай-ақ, мереке құрметіне орай ардагерлерге дәстүрлі азық-түлік қоржыны да таратылады. Мемлекет тарапынан жыл сайын республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері де ұлғайтылмақ. Нәтижесінде, биыл Қазақстанда ардагерлерді мемлекеттік қолдау 169 мыңнан 181 мың адамға дейін артпақ.

691 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз