Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Мамыр, 2020

Алматы әуежайын 415 миллион долларға сатып жіберді!

Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының 100% 415 миллион долларға сатып алды. Консорциумда TAV Airports үлесі 75%-дан кем емес, ал акция барлық заң процедуралары аяқталғаннан кейін беріледі. Алматы әуежайы TAV Airports Holding портфолесінде 15-інші болып тұр. "Қазақстан- аймақта географиялық және экономикалық жағынан ірі ел. Ал Алматы - елдің ірі қаласы. ЖІӨ 20 пайызы Алматыдан түседі. Сонымен қатар, бұл - Қытай, Еуропа және Африканы қосатын "заманауи Жібек жолының" орталығы. Потенциалы жоғары және біз өз білімімізге сүйене отырып оны толық іске асыру үшін жұмыс істейміз",- деді холдинг президенті және бас директоры Сани Шенер.

1327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз