Президент гранты. Үздіктер анықталды

168

 Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жарияланды. Бұл туралы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.

-Ең алдымен, қаламын қару етіп, халықтың мұң-мұқтажын көтеріп, елдің пробеласын өз мәселесіндей көтеретін әріптестерімді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз өрісті болсын! Жазар, айтар дүниелеріңіз таусылмасын!

Былтырдан бастап Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен аталған мереке Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып арнайы белгіленді. Мереке қарсаңында журналистиканың талантты өкілдерінің еңбегі бағаланып, марапатталатын дәстүр бар.

Журналистер қауымы еліміздегі игі бастамаларды халыққа жеткізу, мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамдық пікір қалыптастыру, азаматтық қоғамды дамыту ісіне үнемі үлес қосып келеді. Қазақстандық БАҚ-тың заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық жағдай жасалған. Олардың еңбегін бағалау мақсатында жыл сайын Президенттің арнаулы сыйлықтары мен гранттары табысталады. Бұл шығармашылық шеберлігі шыңдалған әрі жоғары сапалы материалдар дайындап жүрген БАҚ өкілдеріне беріледі.

Осыған орай арнаулы комиссия лайықты деген үміткерлерді ғана іріктеп алады. Олардың мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды ілгерілетуге сіңірген еңбегі ерекше ескеріледі. Журналистер асыға күтетін бұл шара осы жылы 24-ші рет өткізіліп отыр.

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, грантын тапсыру және алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссия кіл мықтыны іріктеп алды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын!

***

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Қуатов Дәурен Қасенұлына – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторына, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;

Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасына, қазақтілді бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

Сарыбай Серік Әбікенұлына – «Жетісу» телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

Трухачев Александр Владимировичке – «Хабар» телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторына, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін;

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

Әшім Альбинаға – «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының тілшісіне, қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;

Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына – «Хабар» телеарнасы  талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін жариялап-көрсеткен ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;

Нұрышева Маржан Еркімбекқызына – «Semei» телеарнасының редактор-тележүргізушісіне, Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге қосқан үлесі үшін;

Смайлов Жандос Мейірбекұлына – «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторына, интернет-кеңістікте ақпаратты жариялап-көрсетуді ілгерілетуге қосқан үлесі үшін тапсырылсын;

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

«Ана тілі» газетінің шығармашылық ұжымына – ұлттық баспасөздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

 «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды ақпараттық жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін;

«Казахстанская правда» республикалық газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің  бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;

«QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканың дамуына қосқан  үлесі үшін жариялансын.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Қазақстан Республикасының

       Президенті                                                                             Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы  26  маусым
№ 114




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *