Құрметті Жұмабек Омарұлы!

197

Сізді және Сіздің ұжымыңызды еліміздің басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

23 жыл бұрын еліміз егеменді, демократиялық, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге танылды. Осыған орай бұл күн еліміздің әрбір азаматы үшін ерекше және қасиетті болып табылады.

Тәуелсіздік күнін мерекелеуді идеологиялық қамтуда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін асыра бағалаған жөн.

Осыған орай, мереке қарсаңында Сіз басқарып отырған басылымдардың басты беттерінде тақырыптық мақалаларды, құттықтауларды және азаматтардың Тәуелсіздік күніне орай жолдаған жағымды үндеулерін орналастыру мәселесін қарастыруыңызды сұраймыз.

Кейбір тұрғындардың арасында Тәуелсіздік күнін қайғылы мерекеге теңестіретін жаңылыс стереотип қалыптасқан. Осының негізінде, жалпы қоғамда мерекелік көңіл-күй, тарихымызға деген мақтаныш, ел бірлігі сезімін қалыптастыру міндеті тұр. Жарияланымдарда Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихы, жас мемлекеттің қалыптасу кезеңдері, өткен жылдардағы еліміздің жеткен жетістіктері тақырыптарын қамту ұсынылады.

Редакция тарпынан оқырмандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтау қосымша мерекелік көңіл-күй сыйлап, жас ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбие беріп, Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыруға ықпалдасады деп ойлаймыз.

Сіздің ұжымыңызды тағы да еліміздің басты мерекесімен құттықтай отырып, мол жетістіктер, бейбітшілік, келісім және еңбегіңізге табыс тілеймін.

Құрметпен,

Алматы қаласы Ішкі саясат 

басқармасының бастығы С. Боқаев