30847_b0

Сусамырдың 5 белгісі

Әлемде қант диабетіне шалдығатын адамдардың саны жыл сайын артып келеді. Оның негізгі себебі қандағы қант мөлшерінің шектен асуы болып табылады. Қанттың артуы адам ағзасына үлкен залал тигізеді.

Сусамырдың белең алуына көптеген себеп-салдардың әсер ететіні белгілі. Адамдардың көбі қант диабетінің алғашқы белгілерін байқамай, асқындырып алатыны анық. Төмендегі белгілер аурудың алдын алмаса да, оны тез арада емдеуге септігін тигізеді.

  1. Диабетке шалдыққандарда көздің көру қабілетінің жақсаруы жиі кездесетін құбылыс. Бұл жағдай көздердің жиі сулануы себебінен туындайды.
  2. Есту қабілетінің нашарлауы. Қандағы қант құрамының шамадан тыс болуы себебінен, сусамырдың бастапқы кезеңінде адамдардың есту қабілеті 30%-ға кемиді екен. Бұған құлақтағы қан тамырларының зақымдалуы әсер етеді.
  3. Шөлдің қанбауы. Қандағы қанттың артық мөлшері ағзадан судың көп мөлшері арқылы үнемі  шайылып отыратындықтан, диабетке шалдыққан  адам ылғи шөлдеп жүреді. Бұл сусамырдың ең жиі кездесетін белгісі.
  4. Терінің құрғауы мен тоқтаусыз қышыну да қант диабетінің жиі кездесетін белгілерінің бірі. Егер жақпа майлар тері дуылдауын баспаса, тез арада дәрігерге қаралу қажет.
  5. Диабет терінің қалыпты жағдайын бұзып, бетте, шынтақ пен саусақ буындарында, мойында меланиннің өсуінен қара дақтардың пайда болуына әкеледі.

Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамай, дер кезінде дәрігерге көрініп тұрсаңыз, сусамыр сияқты қауіпті аурудың алдын аласыз, немесе оны асқындыруға жол бермейсіз. Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі, алдын алу әлдеқайда оңай.

 Дайындаған Үміт Жұмаділова

takprosto.cc




Пікір қалдыру