Лимон сан қырлы жеміс

Лимонсыз дастарханымызды елестете алмайтындығымыз анық. Бұл цитрусты жеміс дәрумендер мен антиоксиданттарға бай.

Лимонның ағзаға беретін шипасы мол. Лимон шырыны, бал мен лимон қосылған су, қант пен лимон тұнбасын бәріміз күнделікті тұтынамыз. Лимон С дәруменінің көптігі жағынан басқа жемістердің көшін бастап тұр. Сонымен қатар, құрамында минералдар: магний, кальций, калий де көп.

Имунитетті көтеретін қасиеті жағынан да лимонға тең келер цитрусты жеміс жоқтың қасы. Лимон қан мен тамырларды тазартады. Сіздер тоңазытылған лимонның пайдалырақ екенін білмеген боларсыздар. Тоңазытылған лимон құрамындағы дәрумендер 5 тіпті 10 есеге көп болады екен. Себебі қатырылған лимонды әдетте қабығымен бірге пайдаланады. Лимонның қабығын аршуымыз дұрыс емес. Өйткені лимон қабығындаға дәрумендер мөлшері әлдеқайда көп.

Тоңазытылған лимонның пайдасы қандай?

Тоңазытқышта ұсталған лимон қанды тазалап, ағзадағы токсиндер мен зиянды заттардың шығарылуын тездетеді. Осылайша жүрек ақауларының алдын алады.

Зиянды бактериялар мен вирустарды жояды.

Асқазан-ішек жолдарындағы паразиттерден (тоғышарлардан) арылтады. Пайдалы заттардың қорытылуын жақсартады.

Бүйрек тастарын езеді.

С дәрумендері қартаю процестерін тежеп, коллаген түзілуін арттырады.

Лимон құрамы бойынша химиялық терапияда қолданылатын дәрілерге пара-пар. Сондықтан оның құрамындағы пайдалы заттар обыр жасушаларын өлтіріп, қатерлі ісіктің алдын алады. Дегенмен, бұл лимонмен ғана шектеліп, дәрігер көмегінен бас тарту керек деген сөз емес.

Үміт Жұмаділова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *