Қазақстанда ет жеуден сайыс өтті

401

Ұлытауда «Көкмайса-2018»  этнофестивалі аясында ет жеу мен қымыз ішуден сайыс өтті. Фестивальге еліміздің әр өңірінен келген 2000 мыңға жуық адам қатысты. Ет жеуден жүрілген жарыста бес адам өнер көрсетті.  Еліміздің  әр өңірінен — Маңғыстау, Шымкент, Жезқазған және Ұлытаудан келген мешкейлер. Қатысушылар бес минуттың ішінде табақтағы қойдың етін  жеп тауысуы керек. Бұл сайыста 25 жастағы Жезқазған өңірінің тумасы Бекзат Жармағамбет жеңіске жетті. Ұлытаулық жігіт екінші орын болса, Шымкенттік қонақ үшінші орынға шықты. Ал 4,3 литр қымызды тоқтамай жұтқан Алмас Бимағамбет қымыз ішуден жеңімпаз атанды.

Ұлттық тағам сайысының жарысын ұйымдастырушы кәсіпкер Марғұлан Сейсембай мен жергілікті әкімдіктің қолдауының арқасында  көшпелі тұрмыс әдет-ғұрпы жаңғыра түсті. Киіз үйлер тігіліп, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Фестивальде Мұрат Әбенов, Мұхтар Тайжан, Жәния Әубәкірова қатарлы азаматтар арнайы қонақ болды. Этнофестиваль қонақтары Ұлытау жеріндегі Ер Едіге би мен Тоқтамыс ханның жерленген төбесіне шығып, Алашахан, Жошыхан мен Домбауыл кесенелеріне барды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *