Парижде ереуіл кезінде бұзақылық жасағандар қамауға алынды

275

Париж  көшелерінде халық  ереуілге шықты. Екі күн бұрын Парижде мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер мен студенттер жаппай наразылық шарасына қатысқан. Олар жұмыс орындарының қысқартылуы мен жалақының тоқтауына наразылық көрсетті. Бүгін ереуілшілердің қатарында бұзақылық жасаған 32 адам қамауға алынды. Жергілікті БАҚ-тың мәлімдеуінше, ереуілшілердің қатарына кенет қара киген бұзақылар келіп қосылған. Олар тіпті тәртіп сақшыларына қарсылық білдіре бастаған. Полицейлер бұзақыларға көз жасауратқыш қолдануға мәжбүр болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *