Алматыда бесінші велошеру өтеді

228

Үшінші маусымда «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында бесінші велошеру өтеді. Дәстүрлі шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылды.

Спорттық шара таңғы сағат 9:00-де басталады. Велошеруге қатысушалар  «Нұрлы Тау» бизнес орталығында 08:30-да жиналады. Велошеруге қатысушылар  8 шақырым қашықтықты жүріп өтулері керек. Олар Әл-Фараби даңғылынан Шығыс айналмалы жолға дейін түсіп, Төле би көшесіне жетеді. Велошеру «Астана» алаңының маңында аяқталады. Сөреде әуесқойларға арнайы нөмірлер таратылады. Осы арқылы лотореяға қатысуға мүмкіндік алады. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Велошеру бұқаралық спортты қолдауға бағытталған. Спорттық шараға тегін қатыса алады.  Бұл мерекелік велошеру «KFC Battle» халықаралық ауқымды шарамен аяқталады. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға өзінің қауіпсіздігі үшін арнайы бас киім (шлем) киіп келулерін сұрайды.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *