Алматы облысына қант қызылшасының жалпы жиыны 32 % өсіп, 440 мың тоннаны құрады

1833

Талдықорған өңірі негізінен қант қызылшасын өсіруге мамандандырылған. Бұл аймақта Социалистік Еңбек Ерлері Нұрмолда Алдабергенов, Зылиқа Тамшыбаева сияқты «дала академиктерінің» ісін жалғастыру және Елбасының тікелей тапсырмасын орындау үшін нақты шаралар қабылданды. Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде алаңында өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осылай деді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Облыс басшысының айтуынша, Алматы облысында биыл қант қызылшасы 11 мың 200 гектарға себіліп, 440 мың тонна тәтті түбір жиналды немесе жалпы өнімі 32 проценке өсті. Жекелеген шаруашылықтар гектар өнімділігін 700-800 центнерге жеткізді, облыс бойынша орташа көрсеткіш 400 центнерден асты.

Көксу және Ақсу қант зауыттары 42 мың тонна қант шығаруды жоспарлап отыр, ал облыстың қажеттілігі 30 мың тонна. Келешекте тағы екі — Қарабұлақ, Алакөл қант зауыттарын іске қосу жоспарланып, инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Амандық Баталов жүгерінің биылғы өнімі де шаруалар үшін табысты болғанын атап өтті: «Жүгері шаруашылығында озық технологияны енгізудің арқасында 532 мың тонна көлемінде соңғы 27 жылдағы рекордтық өнім алынды», — деді облыс әкімі.

Мысалы, Панфилов ауданының фермерлері тамшылатып суғаруды пайдалана отырып, бір гектардан 120 центнерге дейін өнім алады, бұл облыстағы орташа көрсеткіштен 2 есе артық. Ал өңдеу ісіне келсек, Жаркент крахмал-сірне зауытының қуаты жаңғыртудан кейін 10 мың тоннадан 135 мың тоннаға ұлғайды, жүгеріні қалдықсыз өңдеу циклі қамтамасыз етілді, өнімнің 27 түрін шығару жолға қойылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *