Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

415

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *