«Отбасы құндылығы» акциясы өтті

151

«Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры 2019 жылғы қыркүйектен бастап Алматы қаласы жоғары оқу орындарында «Отбасы құндылығы» ациясын өткізді.

Бұл шараның мақсаты отбасы институтын нығайту, жастар арасындағы ажырасу, аборт мәселелерінің алдын алу. Статистикалық ақпарға сүйенсек, Қазақстан ажырасудан әлемдік ондыққа кіреді. Алматы қаласының өзінде 2017 жылы 17170 жұп үйленсе, 6 748 жұп ажырасып кеткен. Ал 2018 жылы 16954 отбасы неке куәлігін алса, сол жылы 6953-і сотқа арыз тастаған. Мысал ретінде айтсақ, әрбір үш алматылықтың біреуі ажырасып отырған.

Бір кезде сезім отына өртеніп үйленген ғашықтар сезімін қалайша тез жоғалтты. Неге олар ит пен мысықтай бірін-бірі жек көріп кетеді? Махаббат бар ма жоқ па? Отбасы құрудың, шаңырақ көтерудің мәні неде?

Осы сияқты сұрақтардың жауабын қоғамдық қор мамандары және психологтар студенттермен бірге талдап көрді. Мүміндігінше олардың сұрақтарына жауап беруге тырысты.

Акция Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Асфендияров атындағы Медицина университеті, Алматы университеті, IT университеті, Жүргенов атындағы Өнер академиясы, Қазақ Ұлттық Қыздар университетінде өтті. Акцияға 1000-нан аса студенттер мен педагог-ұстаздар қатысты.

Акция аясында «Жас отбасыға 7 кеңес» кітапшасы таратылды. Бұл кітапшаны «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік тапсырысы негізінде жарыққа шығарған еді. Кітапшаның тиражы – 500 дана.

Іс-шара негізінде студенттермен кері байланыс орнады. Олардың жекелеген сұрақтарына жауап берілді. «Жас отбасыға 7 кеңес» кітабын оқып, сол бойынша жекелеген талқылаулар да болды. «Отбасы құндылығы» шарасы жастардың жарқын өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға, жақсы отбасын құруға деген арман-мақсатын айқындауға мейлінше үлес қосады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *