Карантин кезінде орын алған оқиғалар

211

Карантин енгізілген сәттен бастап, сотпен, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 1 мың 965 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 577 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 1 мың 54 адамға айыппұл салынды, 334 адамға ескерту жасалды.
Көрсетілген санның ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6 бөлімі көшеде негізсіз жүргені үшін 1 мың 561 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 401-і қамауға алынды, 870-іне айыппұл салынды, 290 ескерту жасалды.
ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 1-бөлімі — қалаға кіру тәртібін бұзып, бақылау-өткізу пункттерін айналып өткен 397 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 169-ы қамауға алынды, 184-іне айыппұл, 44-і ескерту жасалды.

Қалада орнатылған 41 тосқауыл бекетінде 54 мыңнан астам көлік тексерілді.
Осылайша, өткен тәулік ішінде қала бойынша заңсыз жүргені үшін 34 жүргізуші ұсталды, оның 30-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды.
Қалада жаяу патрульдеуге 2 мың 828 адам қатысты, оның ішінде Департаменттің 1 мың 616 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 138 әскери қызметкері, Ішкі істер министрлігі Академиясының 100 оқытушысы, УССО-50, ДУИС-14 және Ұлттық ұланның 990 әскері бар.
Барлығы Департаменттің, Ұлттық ұлан мен қорғаныс Министрлігінің жеке құрамынан 5 мың 330 адам жұмылдырылған.
Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлерінің күшімен ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап карантиндік аймақтар -инфекция ошақтарын қоршауға алды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 481 полиция қызметкері жұмылдырылды.
Жадынамаға сәйкес, бір тәулік ішінде қалаға кіру жүйесі арқылы 93 мың 973 көлік құралы кірді, олардың ішінде 82 мың 92 адам болды.
Қаладан 72 мың 413 көлік шықты, олардың ішінде 52 мың 984 адам болды.
Қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда.
Бір тәулік ішінде қалада 32 қылмыс тіркеліп, оның 16-сы «ізін суытпай» ашылды, бұл осы жылдың 16 наурызымен салыстырғанда 66,0% -ға аз.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *