Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Мамыр, 2020

WBC Геннадий Головкинді «Күш королі» атағына ұсынды

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өзінің Twitter парақшасында жанкүйерлерден орта салмақтағы ең мықты боксшы кім екенін сұрады. Үміткерлер арасында IBF және IBO әлем чемпионы титулының иегері, қазақстандық Геннадий Головкин де бар. «Орта салмақтағы күш королі кім?» деп сұрады кеңес өз оқырмандарынан. Сөйтіп кандидат ретінде осы салада өнер көрсетіп жүрген бірнеше боксшыны ұсынған. Олардың арасында Головкиннен басқа Томас Хирнс, Марвин Хаглер, Сауль Альварес «Канело», Карлос Монсон және Айрен Баркли бар. WBC сондай-ақ оқырмандарынан ешкім ұнамаған жағдайда өз нұсқасын ұсынуды өтінген.

ҚазАқпарат

 

622 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз