Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан қаласында балаларды 1 сыныпқа қабылдау тәртібі белгіленді

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру мәселесі қалай реттелетінін айтып берді. «Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған. Ата-аналар порталдың «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш беріп, қажетті құжаттарды тіркейді. Құжат тапсыру мерзімі – 15 минут. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды. Ата-ананың жеке кабинетіне баланы қабылдаған немесе қабылдамағаны себебі туралы хабарлама келеді», - деді Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін құжаттар тізімін толық өткізу қажет. Олар: баланың ата-анасынан (заңды өкілдерінен) өтініш (еркін түрде), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, бала денсаулығы паспорты (026/у-3 форма, 063/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат), 3x4 көлеміндегі фото. «Ерекше білім беру қажеттігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы электронды түрде (сканверсия, фото) заңды өкілдердің келісімімен ұсынылады. Сіздердің назарларыңызға тағы бір рет атап өткім келеді: мектептің қабылдау комиссиясы оқуға өтініш берген кезде басқа қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс. Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 маусымынан басталады. Жаңа оқу жылына дайындық мақсатында 17 тамыздан бастап мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша ақысыз негізде жазғы мектеп жұмысын өткізу жоспарлануда», - деді ол. Кез-келген өзгерістер туралы ақпарат ресми сайтта және әлеуметтік желілерде хабарланады. www.inform. kz

734 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз