Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Мамыр, 2020

Карантин режимін қатаң сақтауды бақылауға алу мәселесі талқыланды

Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында елде бекітілген карантин режимін қатаң сақтауды бақылауға алу мәселесі қаралды. ⠀ «Біршама өңірлерде ауруды жұқтыру саны көбейіп отыр, бұл тікелей карантиндік талаптардың орындалмауына байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай өңірлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырып, оларды орындамаған азаматтарға, мекемелерге, өндіріс объектілері мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдауы керек», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжанов. ⠀ Осыған орай, өңірлердің әкімдіктері мен мемлекеттік органдарға тапсырылды: ⠀ еңбек ұжымдарында әлеуметтік қарым-қатынас деңгейін барынша төмендету (қызметкерлердің 50%-на дейін); жұмыс күні барысында бетперде тағу және уақтылы ауыстыруды бақылауда ұстау; әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүмкіндігін жасау; қоғамдық көлікке жолаушылардың тек арнайы отыру орындарына сәйкес және міндетті түрде бетпердесі бар болған жағдайда ғана мінуін қамтамасыз ету; қорғаныс, ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық және өндіріс орындарын, мекемелер мен объектілерді дезинфекциялау шараларын күшейту. ⠀

963 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз