Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Маусым, 2020

Токио Олимпиадасы тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Tokyo 2020 Олимпиадасы директорлар кеңесінің мүшесі Харуюки Такахаси егер COVID-19 пандемиясына байланысты жағдай жақсармаса, Олимпиада ойындары тағы да кейінге шегерілетінін мәлімдеді. Еске сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Жапония үкіметі мен Халықаралық олимпиада комитеті келесі айда өтуі тиіс болған Олимпиада ойындарын 2021 жылға шегеру туралы бұрын-соңды болмаған шешім қабылдады. Nikkan Sports жапон газетінің хабарлауынша, ХОК президенті Томас Бах келесі жылы жарыс өтпесе, Олимпиада ойындарын тоқтату керек екенін айтқан. Бірақ Такахаси бұл Жапония мен әлем экономикасына үлкен шығын келгенін хабарлады. «Жапония мен әлем экономикасы одан қатты зардап шегеді», - деді Такахаси. Ол Ойынды тоқтатпас бұрын тағы да кейінге шегеру мәселесін қарастыру қажет екенін айтты. Жұма күні ұйымдастыру комитетінің атқарушы кеңесінің отырысында Токио 2020 президенті Ёсиро Мори ХОК-мен Олимпиада ойындарын өткізбеу туралы мәселе талқыланбағанын мәлімдеді. Бейжіңде Қысқы Олимпиада ойындарын және футболдан 2020 жылы Әлем чемпионатын өткізуге байланысты Токио Ойындарының одан әрі кейінге қалуы бүкіләлемдік спорттық іс-шаралардың көптігінен одан да үлкен мәселелер тудырады. inform.kz

630 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз