Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Тамыз, 2020

Түркия Қазақстан тасымалдаушыларына рейстер орындауға себепсіз тыйым салды

5 тамызда кешкі сағат 6-да Air Astana-ның Алматыдан Ыстамбұлға ұшатын ұшағы рейсті орындауға ұшу-қону жолағына шыққан кезде түрік авиациялық билігі қоңырау шалып, Қазақстан тасымалдаушыларына Түркияға ұшуға тыйым салынғаны туралы хабарлаған. Тек бір сағаттан кейін «Түркия мен Қазақстан арасында рейстерді орындауға тыйым және Түркияның Сыртқы істер министрлігімен үйлестіру арқылы тек репатриациялық рейстерді орындауға мүмкіндігі» туралы ресми хат жолдады. Тек екі сағаттан кейін рейсті орындауға бір жолғы рұқсат алынды және 101 жолаушы діттеген жерге ұшып кетті. Айта кететін жәйт, Air Astana болсын, Қазақстанның авиациялық билігі болсын, екі елдің елшілігі болсын түрік тарапы бұл тыйым туралы алдын-ала хабарламаған, және бұл рейстің едәуір кешігуді және жолаушыларға қолайсыздықтар тұғызды.

778 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз