Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Тамыз, 2020

Италиядағы кеме апаты. Ішінде қазақстандықтар болған

Италияда шағын кеме отқа оранып, кейін суға батып кетті. Ондағы жолаушылардың ішінде қазақстандық туристер де болған.

Lady MM кемесі Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан жолда өртенген. Оның өртеніп, кейін суға батып бара жатқан сәтін жағалау күзеті видеоға түсіріп алған. Апат кезінде бортта 17 адам болған. Оның сегізі - қазақстандық турист, ал қалған 9-ы — экипаж мүшесі. Олар шағын қайыққа отырып, қауіпсіз жерге шыққан. Сол жерден жағалау күзеті құтқарып алған. Өртті екі катер және тікұшақ сөндірді. Оның неден шыққаны белгісіз.


 inform.kz

500 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз