Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 10 Қыркүйек, 2020

Қожамжаров Ұлттық ұланды көбірек қаржыландыруды ұсынды

Сенат отырысында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайрат Қожамжаров Ұлттық ұланның материалдық-техникалық жабдықталуына назар аударып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

«Біздің депутаттық сауал жолдауымызға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметінің жыл сайын аз қаржыландырылуы себеп болып отыр. Мұндай мәселе әскери дайындық пен әскери қабілеттілікке кері әсерін тигізеді», – деді сенатор.

Депутаттың сөзіне қарағанда, жылдан жылға бұл салада көлік паркін жаңарту, бөлімшелерді заманауи қару-жарақ, байланыс, арнайы және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау мәселесінің өзектілігі артып келеді.Қазіргі таңдақолданыстағы техниканың, оның ішінде брондалған автомобиль техникаларының 50 пайыздан астамы ескірген және оларды есептен шығаратын уақыт жеткен. Арнайы құралдың 60 пайызының сақтау мерзімі аяқталған. Жеке бронды қорғау және белсенді қорғаныс құралдарымен жабдықтаудың орташа көрсеткіші 88 пайыз болғанымен, әскери бронды кеудеше мен оқ өтпейтін дулыға сияқты заттардың үлесінебәрі 3,6және 22,8 пайызды құрап отыр.

Сонымен қатар депутат Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамту және жалпы әскери тамақтандыру құнына қатысты мәселелерге де тоқталып, айтылған түйткілдерді шешу жолдарын ұсынды.

«Туындап отырған қатерлерге жедел ден қою және қолда бар ресурстардыңтиімділігін арттыру жолдарының бірі – Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы лауазымын Ішкі істер министрі орынбасарларының бірінің лауазымымен біріктіру. Мұндай тәжірибе ұлттық қауіпсіздік органдарында жақсы нәтиже берді. Сондай-ақ, жоғарыда айтылған олқылықтарды ескеріп, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметін теңгерімді қаржыландыру мәселесін қарастыруды,күштік құрылымдардың үйлестірілуін күшейтуге қатысты қосымша шаралар қабылдауды ұсынамыз», – деді Қайрат Қожамжаров.

 

277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз