Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Қыркүйек, 2020

«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты

Сарыарқа» хоккей клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Евгений Королев тағайындалды. Бұған дейін ол «Барыс» пен «Теміртауды» басқарған болатын.


«Сарыарқаның» бас бапкері Руслан Сулеймановпен келісімшарт бұзылды. «Сарыарқа» ХК Руслан Мұхаметханафұлына ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және жаттықтырушылық мансабында одан әрі табыстар тілейді!» - деп клубтың сайтында хабарланды (saryarka-hc.kz).

Евгений Королев - Мәскеудің «ЦСКА» хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. 2002-2003 жылғы маусымда Ресей чемпионы, осы маусымда құрлық кубогының финалисі және 2006 жылғы Еуропалық чемпиондар кубогының иегері.

1996 жылдан 2002 жылға дейін Канада мен АҚШ-та ойнады. «Нью-Йорк Айлендерс» құрамына кірді. Ұлттық хоккей лигасында 43 матч өткізіп, бір шайба соғып, төрт нәтижелі пас жасады.

2002 жылы ол Ресейге оралды, онда ол әр жылдары «Локомотив», «Торпедо», «Динамо» және «Нефтехимик» құрамында ойнады, сонымен қатар Ресей құрамасының мүшесі болды.

2016 жылы Қазақстанға келіп, елордалық «Барыс» командасын жаттықтырды. Өткен маусымда «Теміртау» командасын басқарды.

inform.kz

 

 

513 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз