Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қыркүйек, 2020

Студенттер 42 мың теңгені ала бастады

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мамыр айындағы отырысында білім мен ғылымды дамыту мәселелері негізгі тақырып болды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев білім және ғылым жүйесі үшін маңызды тапсырмалар берді.

Мысалы, педагогикалық мамандықтарға түсетін абитуриенттерге қойылатын талаптарды арттыру және стипендия мөлшерін 42 мың теңгеге дейін ұлғайту тапсырмасы берілді.

Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің степендиясы 42 мың теңге мөлшерінде болып отыр. Бұл барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғарғы стипендия болады. Айта кетерлігі, студенттер кешеден бері осы стипендияны ала бастады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук парақшасында мәлім етті.

Сондай-ақ, осы жылдың маусым айынан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл бірден 70-ке дейін көтерілді.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңды қабылдаудың және атқаралыған шаралардың арқасында биыл «Алтын белгі» төсбелгісі иегерлерінің арасында педагогикалық мамандықты таңдағандар саны 1,7 есе өсті, ал көптеген бағыттар бойынша орташа балл 100-ден асты.

Егер бірнеше жыл бұрын педагогикалық мамандыққа түсушілердің орташа балы 65-ті құраса және педагог мамандығы түлектер арасында көп сұранысқа ие болмаса, қазір жоғары балл жинаған мықты түлектер педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсе бастады.

Сондай-ақ ҰҚСК қорытындысы бойынша берілген тапсырмалар аясында докторанттардың стипендиясы 102 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өсті. Мұндай шара жас ғалымдарды қолдау үшін өте маңызды, өйткені докторанттардың отбасылары бар және олар өз зерттеулерін жүргізумен айналысады.

Бұдан бөлек 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік гранттың құны айтарлықтай өсті. Бұл неге маңызды?

Бұл жоғары оқу орындарына оқытушылардың жалақысын арттырып, материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қорытындысы бойынша берген тапсырмаларының барлығы ерекше бақылауда және белгіленген мерзімде орындалатын болады.

 

 

45 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті
Келесі мақала Фармацевтика мен медицина өнеркәсібі өркендей ме?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *