Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 16 Қазан, 2020

UFC турнирінде тұңыш рет екі отандасымыз бақ сынайды

Қазақстандық  Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов жекпе-жек өткізетін UFC 254 турниріне қатысатын барлық спортшының есімі белгілі болды.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Гэтжи жұдырықтасады.

Ал ШавкатРахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейрамен күш сынасады. Ол мансабында 22 қарсыласын жеңіп, 8 жекпе-жегінде ұтылды. 

Қазақстандық файтер америкалық компаниядағы дебютін осы жылдың наурыз айында өткізуі керек еді, бірақ іс-шараға бір апта қалғанда турнирдің өтпейтіні белгілі болды. Кейінірек дебют шілде айына жоспарланған, бірақ бұл жолы Шавкат Рахмоновтың өзі қолынан жарақат алып, турнирге қатыса алмады.

Дәл осы турнирде тағы бір қазақстандық, M-1 Global-дың бұрынғы чемпионы Сергей Морозов та бақ сынайды. Оның қарсыласы GFC ұйымының бұрынғы чемпионы ресейлік Умар Нурмагомедов болмақ. 

UFC 254 турнирі 24 қазан күні Абу-Даби қаласында өтеді деп жоспарланған. 

 

503 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз