Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Қазан, 2020

Əлемнің 50 елінен əйелдер қатысқан деректі фильм жарыққа шықты

 
5 қазанда деректі кино орталығы "Woman" («Әйел») фильмін прокатқа шығарды.
Украиналық режиссер Анастасия Микова мен француз фотографы Ян Артус-Бертран жоба үшін әлемнің 50 елінен 2000 әйелдің әңгімелерін жинады.
Фильмнің кейіпкерлері: жүргізушілер мен фермерлер, мемлекет басшылары және сұлулық патшайымдары. Олар ана болу, білім, неке, етеккір және жыныстық қатынас туралы айтады.
Жоба авторлары Анастасия Микова мен Ян Артюс-Бертран былай дейді: «Ұялшақтық пен алғаш пайда болған күдікке қарамастан, сұхбат барысында әйелдер камераның алдында толығымен өзгерді және олар осы сәтті өмір бойы күткендей сезінді. Оларға жан-дүниесіндегі сезімдерін ақтару маңызды болды. Ең бастысы олар өз сөздерін естірткісі келді». Жобаның барлық кейіпкерлері қазіргі әлемдегі әйел болу дегеннің не екенін жеткізуге тырысады. Фильмді жасаушылар фотограф Питер Линдбергпен және Bandaloop би тобының мүшелерімен жұмыс жасады
                                                                24.kz

916 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз