Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 17 Қазан, 2020

Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегінің өтетін күні, орны және қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт басылымының мәліметінше, отандасымыз келесі айда жекпе-жекке шығады. Кездесу 28 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Жұмағұловтың қарсыласы Швеция өкілі Амир Албази болады. Қазақстандықтың қарсыласы алда жекпе-жек болатынын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Екеуі де UFC-де дебютті шілдеде жасаған. Ол кезде Жұмағұлов төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты, ал Албази жеңген еді. 

Еске салайық, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған болатын. 31 жастағы Жұмағұлов промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық 24 жастағы Раулин Пайвамен үш раундтық кездесуге шыққан еді.

611 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз