Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Қазан, 2020

ҚПЛ: «Астана» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін Қазақстан чемпионатының 16-туры аясында 3 матч өтеді.

Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де «Ордабасы» «Тобыл» командасымен ойнайды. Бүгінге дейін 27 ұпай еншілеген шымкенттік команда турнир кестесінің үшінші орынына жайғасқан. Қостанайлықтар болса, 24 ұпаймен бір саты төмен тұр. Әйткенмен, «Тобыл» бір ойын кем өткізген. 

17:00-де маусымның басты ойын басталады. Елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасындағы шайқас «Жас Қыран» стадионында өтеді. 

Күннің бағдарламасы «Қайсар» - «Каспий» ойынымен аяқталады. Қызылордалық команда бұл маусымда сәтсіз өнер көрсетіп жүр. Ал, ақтаулық чемпионаттың соңғы орынында тұр. 

«Астана» - «Қайрат» матчының тікелей көрсетілімі QazSport телеарнасында Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де көрсетіледі. «Қайсар» - «Каспий» ойынын 31 қазанда таңғы сағат 8: 05-те қайталанудан көруге болады.

466 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз