- Шартарап
- 30 Қазан, 2020
Беларусь бірқатар елмен шекараны жапты
Беларусь билігі Литва, Латвия, Польша және Украинамен шекараны жауып тастады, - деп хабарлайды Onliner, Tut.by және елдің Мемлекеттік шекара комитетінің өкілдері.
Беларусь БАҚ-тарының мәліметінше, редакцияға көрші мемлекеттердің азаматтары үйіне орала алмай жатқаны туралы хабарламалар түсе бастаған. Республика аумағына жүк автомашиналары мен дипломатиялық нөмірі бар машиналар ғана жіберілген.
"Өкінішке қарай, шекара қазір жабық. Адамдардың көбіне бұл күтпеген жаңалық. Ешкім күтпеген. Уайымдамаңыздар, бұл әскери жағдай емес. Оған себеп - COVID-19", - деді Литва шекарасындағы Гродно кеденінің шекарашылары.
Ресеймен шекара әзірше ашық болып қала береді дейді.
403 рет
көрсетілді0
пікір