Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Қазан, 2020

Шарипова шаршы алаңға шығады

Бүгін Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт кешенінде өтетін кәсіпқой бокс кеші аясында қазақстандық былғары қолғап шебері Фируза Шарипова (11-1, 6 КО) он үшінші жекпе-жегін өткізеді.

26 жасар жерлесіміз 32 жастағы сербиялық боксшы Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) жұдырықтасады. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді.

«QAZSPORT» телеарнасы кәсіпқой бокс кешінің тікелей трансляциясын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:30-дан бастап көрсетеді.

507 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз