Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 17 Қараша, 2020

Мен кімге үлгімін?

-Сәлеметсіз бе, психологсыз ба?

-Сәлеметсіз бе, иə,  психологпын.

-Маған мынаны айтыңызшы, мына бала неге кітап оқымайды, неге ештеңеге қызықпайды? Телефоннан басқа ештеңе қарағысы келмейді.

 

-Ммм. Жарайды. Ал, сіз қаншалықты кітапты жиі оқисыз?

-Шынымды айтсам, сол кітапқа менде уақыт жоқ қой.

 

-Ммм. Жарайды, ал, қаншалықты телефонды жиі пайдаланасыз?

-Кешке үйге келген соң, тамақ беріп болған соң, әлеуметтік желіде отырамын.

 

-Мм. Ал, баламен сөйлесуге күніне қанша уақыт жұмсайсыз?

-Демалысымда сөйлесемін, басқа уақытта көп қолым тие бермейді.

-Енді, өзіңіз жасамайтын нәрсені балаңыздан неге күтесіз?

???

 

Жадыра Хасанова

 

687 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз