Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Қараша, 2020

Бүгін бокстан Қазақстан чемпионаты басталады

Ұзақ үзілістен кейін ел үздіктері Шымкентке жиналды. Бас-аяғы 200-ден аса спортшы 10 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Ерекшелігі сол, биылғы біріншілік біріктірлген форматта өтеді. Яғни, ерлер арасында және қыздар арасында бәсеке бір мезгілде ұйымдастырылмақ.

Қазір барлық боксшы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Жарыстың алғашқы күні жеңіл және ауыр салмақтар бойынша іріктеу өтеді. Ал, жартылай финалдық және финалдық сындар, сәйкесінше, 28 және 29 қарашаға жоспарланған. Бұған қоса, жарыстың жүлде қорына қатысты ақпарат пайда болды. Биылғы чемпионатқа 20 миллион теңге бөлінген. Яғни, бірінші орын алғандар 500 мың теңге, одан кейінгілері 300 мың және 100 мың теңгеден алады.


499 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз