Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 29 Қараша, 2020

Дина Жоламан 10 дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақтағы финалдық кезең аяқталды. 

Бұл салмақтағы ақтық сында Ақмола облысының боксшысы Дина Жоламан мен Алматы облысының өкілі Балауса Мұздиман кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте 2016 жылғы әлем чемпионы, тәжірибелі Дина Жоламан жеңіске жетті. Бұл Динаның ел чемпионатындағы оныншы алтын жүлдесі екенін айта кету керек. 

54 келідегі қола жүлдені Дәметкен Келімбет (Қызылорда облысы) пен Әйгерім Ошақбай (Жамбыл облысы) иеленді.

646 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз