Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 02 Желтоқсан, 2020

Осы айда шаршы алаңға кімдер шығады?

Желтоқсан айында қазақстандық боксшылардың қатысуымен бірнеше маңызды кәсіпқой бокс кеші өтеді.

5 желтоқсанда Екатеринбургте (Ресей) өтетін бокс кешінде орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8КО) жергілікті боксшы Илья Баландинмен (4-3-1, 2КО) жұдырықтасады.

16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде  Айдос Ербосынұлы (14-0, 9КО) ганалық боксшысы Исса Самирмен (19-0, 16 КО)кездеседі. 

Сондай-ақ, андеркартта келесі кездесулер өтеді: Бек Нұрмағанбет (2-0, 2КО) — Эммануэль Дансо (32-5, 26КО), Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1КО) — Кабиру Товолави (13-2, 10КО), Евгений Павлов (2-0, 2КО) — Алие Лаурел (18-4-1, 11КО), Данила Семенов (1-0, 1КО) — Абрахам Табул (17-4-1, 14КО).

17 желтоқсанда Лос-Анджелесте (АҚШ) Мадияр Әшкеев (14-0, 7KO) жеңілмеген америкалық боксшы Чарльз Конуэллмен (13-0, 11KO) кездеседі. 

Ал 18 желтоқсанда Голливудта (Флорида, АҚШ) орта салмақта IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасындағы жекпе-жек өтеді. 

Бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12КО) те өнер көрсетеді. Оның қарсыласы жақын арада анықталады.

571 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз