Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Қаңтар, 2021

ДДСҰ өкілдері Қытайда коронавирустың шығу себебін зерттейді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы Қытайға 14 қаңтарда барады. Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Делегация коронавирустың шығу себебін анықтау үшін зерттеу жүргізбек. Негізі 10 адамнан тұратын топ қаңтар айының басында бару керек еді, бірақ жұмысты бастауға Қытай билігі кедергі жасаған. Сарапшылар 2 апталық карантинге оқшауланады. Сондықтан әрі қарай Ухань қаласына қашан баратыны әзірге белгісіз болып тұр.

Марион Купманс, ДДСҰ сарапшылар тобының өкілі:

- Індеттің қалай басталғанын мұқият зерттеп, мән-жайды толық анықтауға барымызды саламыз. Вирустың шығуына нақты не себеп болды? Әрине оның қалай шыққанына қатысты бірнеше нұсқа бар. Жарқанаттардан пайда болуы мүмкін. Бірақ болашақта осы вирусқа төтеп беру үшін оның қалай пайда болғанын біліп алуымыз қажет.


551 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз