Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 22 Ақпан, 2021

Күндердің бір күні...

-Күндердің бір күні, алдануды-арбалуды бастан кешіп, оларды жеңгеннен кейін, ешбір  алдамайтын адамдар да бар екенін түсінесің.

 - Күндердің бір күні сен сыртқы көріністі ішкі сұлулықпен салыстыруға болмайтынын және барлық сыртқы көріністер алғашқы жаңбырда-ақ еріп-езіліп ағып кететін нәрсе екенін түсінесің, ал ішкі сұлулық  - үнемі жанып шоқтанып тұратын, сөніп қалған болса да үрлеп қалсаң болды қайта жалындап жанып, іштей жылытатын нәрсе екендігін тағы түсінетін боласың.

-Күндердің күнінде, егер сен шындықты өзің таба алмаған болсаң, онда барлық  әдемі даналық сөздер,  бос сөздердің жиынтығынан басқа ештеңе емес екенін түсінесің. 

- Күндердің бір күні сен мейірімділік, жомарттық, сүйіспеншілік пен қамқорлық әлсіздіктің көрінісі емес, жанның ішкі қуаты екенін  түсінесің.

 

Аударған

a-toishybai@mail.ru

 

1244 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз