Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 08 Наурыз, 2021

Батыс Қазақстанда республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында қатты боранға байланысты республикалық жол жабылды.

«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 8 наурыз күні сағат 10.25-тен ауа райының нашарлауынан республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (76-104 км, Тасқала кентінен РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жабылу себебі – қатты бұрқасын, көріну шегі 50 метрге дейін. Желдің жылдамдығы – секундына 15 метр. БҚО ТЖ департаменті осыған орай ескерту жарияланып, тұрғындарға хабарлама жіберіліп жатқанын жеткізді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жолдар жабылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Ақсай қаласында екі автокөлік бір біріне соғылып, жүргізуші ауруханаға түсті.

 

690 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз