Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Наурыз, 2021

Айдос Ербосынұлы аңызға айналған боксшымен кездесті

Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарына ие қазақ боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне дайындық өткізу үшін Лос-Анджелеске барды. 

Instagram желісінде Айдос аты аңызға айналған бұрынғы әлем чемпионы Джеймс Тонимен кездесуінің суреті мен видеосын жариялаған. Боксшының сөзінше, келесі айқасын ол Америкада өткізеді.

Мұның алдында Ербосынұлы рингке 17 сәуірде оралып, IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы тиутылна міндетті үміткер атану үшін жұдырықтасатыны хабарланған еді. Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы ресейлік Евгений Шведенко (15-0, 6 KO) болады. Бұл кездесу Германияда өту керек болған, алайда, бокс кешінің өтетін орны өзгергенге ұқсайды. 

613 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз