Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 06 Сәуір, 2021

Садриддин Ахмедов бейнеойында пайда болады

Қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов ESports Boxing Club бокс симулятор ойынына қосылады.

Ойынды құрастырушылар Eye of the Tiger Management компаниясымен келісімшартқа отырған. Алдағы уақытта ойынға канадалық Давид Лемье, ресейлік Арсланбек Махмудов және Садриддин Ахмедов енеді.

Steel City Interactive компаниясы ойын 2021 жылы жарық көретінін мәлімдеді. Қазірдің өзінде ойынға 100 боксшы енген. Болашақта олардың саны 200-ге дейін жетеді.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой боксқа 2018 жылы ауысып, 12 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.

689 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз