Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Сәуір, 2021

«QAZVAC» вакцинасының күші қанша уақытқа жетеді?

ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша мерзім сақталатыны туралы сұраққа жауап берді.

Спикерге «Спутник-V» вакцинасы ағзаға вирусты екі жылға дейін жолатпайды. Яғни, екі жыл бойы антидене қалыптасады деп жатыр. Ал «QAZVAC» күші қанша уақытқа жетеді?» деген сұрақ қойылды.

«Спутник-V» екі жыл иммундық жауапты ұстап тұруы үшін екі жыл бойы оны тексеру керек. Бүгінгі күні бұл зерттеулердің жүргізілгеніне тек қана бір жыл болды. Сондықтан, оны нақты айту қиын. Біздің вакцинамыз туралы толық ақпаратты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталған соң айта аламыз. Дегенмен ең басында ғалымдардың өзі вакцина салған сәттен бері тоғыз ай өтті. Тоғыз айдың ішінде иммундық жауап жоғары болып тұр», - деп жауап берді К. Закария Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов еріктілердің клиникалық зерттеуі қалай өтіп жатқанын айтып берген еді. Сонымен бірге, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жануарлардың коронавирусына қарсы вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Вакцина әзірлеп жатқан Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының еңбекақысын көтеруге қаражат бөлінді.

 

419 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз