Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Сәуір, 2021

Ұлттық орталыққа украиналық тарихшы келді

Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығына украиналық тарихшы Татьяна Крупа келіп, «В.Н.Каразин атындағы Харьков Ұлттық университеті Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы Осман дефтері: зерттеудегі кейбір аспектілер мен атрибуциялар» атты еңбегімен таныстырды. Бұл туралы Камшат Тасболат өзінің фейсбук парақшасында мәлім етті.

Оған Ұлттық орталықтың тарихшы мамандары мен реставраторлары қатысты. Аталған зерттеуде Харьков университетіне сонау 1829 жылы Ресей ғылым академиясының академигі Б.Дорнның келуімен пайда болған көне жәдігер жайлы айтылады. Ғалымдар бұл дефтерде Эрзурум уәлаятының санжақтары жайлы айтылған дейді. Тарихшы Татьяна Крупаның пайымдауынша, оның жазылу кезеңі 1579-1591/92 жылдар. Бұл әлем тарихы үшін айтулы оқиғалардың өтіп жатқан кезеңі еді. Яғни, Осман және Севефид мемлекеттері арасындағы Эрзурум мен оның санжақтары үшін күрес жүріп жатқан болатын. Тарихшының айтуынша, Парсы шахы Осман империясына біраз территорияны беруге мәжбүр болған, айтулы көне заңи құжат дәл осындай күрделі тарихи-геосаяси кезеңде жазылған.

Ұлттық орталықтың мамандары дәрісті қызыға тыңдап, украиналық әріптестердің реставрациялық тәжірибесіне байланысты өз сұрақтарын қойып, мәліметтер алды.

301 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз