Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 09 Мамыр, 2021

Елімізде "Жаужүрек полк" акциясы өтіп жатыр

Бүгін, 9 мамырда Жеңіс күні аталып өтуде. Жыл сайын соғысқа қатысқан майдангерлердің ұрпағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан батырларды еске алады. Биыл пандемияға байланысты «Жаужүрек полк» акциясы екінші рет онлайн режимде өтпек. 

Батырлардың онлайн шеруі бүгін сағат 10:00-де басталды. Акция трансляциясы әлеуметтік желілердегі жоба аккаунттарында өтуде. Еске сала кетейік, қазақстандық қоғам қайраткерлері мен блогерлерінің тобы «Жаужүрек полк» акциясын онлайн режимде өткізу үшін qaharman1945.kz порталын іске қосты. 

Жоба «Жаужүрек полк» деген атау алды. Жоба авторларының айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты акцияны офлайн өткізу мүмкін болмай отыр, осылайша, олар соғыс Батырларына құрмет көрсетуге шешім қабылдады. 

Акцияға қатысу үшін qaharman1945.kz сайтына кіріп, өзіңіздің Екінші дүниежүзілік соғыстағы батырыңыздың суреті мен сипаттамасын қалдыруыңыз керек. 

Сонымен қатар «Жаужүрек полк» Қазақстанның Екінші Дүниежүзілік соғыстағы рөлі мен жеке қазақстандықтардың жетістігі туралы айтады. 

Соғыс жылдары Қазақстанда барлығы 12 атқыштар, 4 кавалерия, 7 бригада, 50 полк жасақталған. Олардың ішінде соғыста көзге түскендері 8-ші, 20-шы, 73-ші гвардиялық және 387-ші атқыштар дивизиясы болды. 

Қазақстаннан майданға республика халқының 25%-ы, 18-50 жас аралығындағы ер адамдардың 70%-ы жіберілді. Жүзден аса отандасымыз жауынгерлік ерлігі үшін орден және медальдармен марапатталды. 

500-ге жуық адам Кеңес Одағы Батыры атағын алды, 110 қазақстандық үш санаттағы Даңқ орденімен марапатталды. 

Төрт қазақстандық екі рет батыр атанды. 

Айқас үстінде қаза тауып, жарақаттар мен аурулардан қайтыс болған, іс-түссіз жоғалған және тұтқыннан қайтпаған қазақстандықтар саны – 630 мың адам. 


 

 

476 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз