Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 15 Мамыр, 2021

Бүгін – халықаралық отбасы күні

Бүгін – халықаралық отбасы күні. Ал отбасы құндылығы тәлім-тәрбиеден басталады. Сондықтан ата-ананың балаға тәрбеиесінде ұшан теңіз ғибрат аларлық өнеге, қадір -қасиет жатыр. Отбасы ынтымағы, татулық пен бірлік  қана болашаққа сенімді кепіл бола алады. «Отбасы –шағын мемлекет»  деп халқымыз бекер айтпаған. Сондықтан ынтымағы жарасқан ел болайық. Қазақ халқы отбасына байланысты мақал –мәтел, қанатты сөздер айтқан. Ал оның тағылымды тәрбиесі бар.

Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер

Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.

***

Отан - қуат,
Отбасы - шуақ.

***

Отбасының өнегесі -

Отан өнегесі.

***

Отбасының сәні - сыйластық,

Достың сәні - қимастық.

***

Отбасынан бас кетсе,

Қазаннан ас кетеді.

***

Отбасына өрт салма.

***

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

***

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

***

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

***

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.

***
Қарындасың – қарлығашың.

***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

***
Төркін десе, қыз төзбейді,
Көкпек десе, түйе төзбейді.

***

Ине өткен жерден жіп өтер.

***

Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.

***

Қазаны басқаның қайғысы басқа.

***

Ата – баланың қорғаны.

***

Атаға баланың алалығы жоқ.

***

Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.

***
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.

 

4001 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз